Ссылки доступа

Түркіменстанда оқушы қыздарға қыпшабел көйлек киюге тыйым салынды


Девушки в национальных туркменских платьях современного кроя, Туркменистан
Девушки в национальных туркменских платьях современного кроя, Туркменистан

Түркіменстанда оқушы қыздар қыздар кең етекті ұзын көйлек пен дәстүрлі шалбар - балақ киюі тиіс. Оларға қыпшабел көйлек киюге тыйым салынды, деп Азатлык радиосы Түркіменстандағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Азатлыктың Білім министрлігіндегі дереккөзінің айтуынша, жаңа оқу жылында қойылатын талаптар биыл сәуір айында министрліктегі жиналыста қабылданған. Қазір жаңа ереже мұғалімдер мен ата-аналарға ескертілді.

Ұстаздардың айтуынша, 20 шілдеден бастап мектеп басшылығы жаңа тәртіпті оқушыларға хабарлап жеткізе бастаған. Киім үлгісі міндетті түрде мектеп арқылы, келісілген кәсіпорындарға тіктіріледі.

Азатлыктың Дашоғыздағы дереккөзінің хабарлауынша, осындай нұсқау жергілікті мектептерге түскен.

"Биыл жаңа мектеп формасы енгізіледі. Бұл туралы мұғалімдерге нұсқау келді. Жаңа киім үлгісі 10 тамызда мектептерге жеткізіледі. Енді сынып жетекшілері оқушылардың үйлерін аралап, оларға ескерту жасауы тиіс. Кейбір облыс шенеуніктері жаңа киім кең көйлек, балақ және камзолдан тұратынын айтты", - деп хабарлады дереккөз.

Түркіменстандағы мектептерде ұлттық киім үлгісін кию міндетті саналады. Республикадағы орыс, түрік және басқа да ұлт өкілдері осындай киім киюі тиіс. Бұл жағдайға кейбір ата-аналар риза емес.

XS
SM
MD
LG