Ссылки доступа

Украинада әскерден шығарылғанына наразы жауынгер өз-өзін өртеп жіберді (видео)


Бывший украинский военный поджег себя в знак протеста против увольнения из армии
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:06 0:00

Киевте бұрынғы жауынгер Сергей Ульянов Қорғаныс министрлігі ғимараты алдында әскерден шығарылғанына наразылық ретінде өз-өзін өртеп жіберді.

Әріптестері оны тоқтатуға әрекеттенген, бірақ ол босап шығып, өз-өзіне өрт қойған. Құтқарушылар өртті тез сөндіріп, алғашқы медиіиналық көмек көрсетілді.

Қазір Сергей Ульянов өміріне ешқандай қауіп жоқ.

Ульянов журналистерге екі жыл бойы әскерге қайта қабылдана алмай жүргенін мәлімдеді. Өзін өртеу арқылы ол осындай жағдайға көпшіліктің назарын аударғысы келген. Акцияны ZIK телеарнасы көрсетті.

Ульяновтың айтуынша, оған қажетті құжаттарды да бермеген. "Мен әскери кезекке де тұра алмаймын. Әрі қарай өмір сүргім келмейді", - деді ол.

Ульянов бұған дейін де өз-өзін өртеуге талпыныс жасаған. "Маусым айында ол Қорғаныс министрлігінің тікелей желісіне хабарласып, өзінің акциясы туралы ескерткен. Кейін ол жаңа акциясын АҚШ елшілігі алдында өткізбек болған", – деп хабарлады Украина Қарулы күштері арнайы операциялар бөлімінің баспасөз хатшысы Алексей Никифоров.

XS
SM
MD
LG