Ссылки доступа

Тәжікстан президенті елінде қаза болған шетелдік туристердің туыстарына көңіл айтты


Тәжікстан президенті 30 шілдеде елінде қаза тапқан туристердің туыстары мен мемлекет басшыларына көңіл айту жеделхатын жіберді.

«Велосипедпен саяхаттап жүрген шетелдік азаматтарды көлік қағып, қазаға ұшырауына байланысты қайғырып көңіл айтамын. Бұл оқиғаны өте ауыр қабылдадық. Елдің тиісті мекемелері кінәлілерді жауапқа тарту үшін, барлық шараны қолға алып жатыр», - делінген жеделхатта.

Бұл оқиға бойынша ұсталған Абдусамадов Х. атты азаматтың куәсі бойынша, Куляб қаласының екі тұрғыны және Жайхун ауданының бір азаматы ұсталған.

Қайғылы оқиға Хатлон облысының Даңғара ауданы Ёксу ауылы аумағында 29 шілде күні болған. Елді велосипедпен саяхаттап жүрген шетелдік туристерді көлік қағып, жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Қаза тапқандардың екеуі - америкалық, қалған екеуі Нидерланд және Швейцария азаматтары.

XS
SM
MD
LG