Ссылки доступа

Италия премьерімен кездесуде Трамп Ресейге қарсы санкцялар сақталатынын мәлімдеді


Граффити в Риме: Путин, Трамп и Конте. Снимок сделан в центре Рима 14 июня 2018
Граффити в Риме: Путин, Трамп и Конте. Снимок сделан в центре Рима 14 июня 2018

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Ақ үйде Италия премьер-министрі Джузеппе Контені қабылдады. "Керемет жұмыс жасайтын кісі", – деп мақтады Контені АҚШ президенті.

Бұның алдында Ақ үй келіссөздер жанжалдарды реттеуге және экономиканы дамытуға бағытталатынын хабарлаған.

Президенттің Сопақ кеңсесінде Контемен әңгімелескен Трамп Италияның иммиграция мәселесіне қатысты ұстанымын жоғары бағалады. Президент италиялық премьерге бұл мәселеде қатаң саясат ұстанғанын, оны дұрыс деп есептейтінін мәлімдеді.

Сыртқы саясат мәселесін талқылаған уақытта Трамп Ресейге қатысты санкциялардың қазіргі түрле сақталып қалатынын айтты. Бұған қоса ол Солтүстік Корея басшысы ​Ким Чен Ынмен болған кездесудің маңыздылығына тоқталып, Иран президентімен алдына ала шарттасусыз кездесуге әзір екенін мәлімдеді.

Джузеппе Конте биыл 4 наурыздағы сайлау нәтидесінде Италия премьер-министрі атанды.

XS
SM
MD
LG