Ссылки доступа

Мәскеуде қызға лифтіде қырындаған өзбек мигранты ұсталды


Мәскеу полициясы Өзбекстанның 35 жастағы азаматын тұрғын үйдің лифтісінде 29 жастағы қызға қырындаған деген күдікпен ұстады. Бұл туралы "Москва" агенттігі құқыққорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқыс оқиға 29 шілдеде кешкісін Новокосинск көшесіндегі тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде болған. Жәбірленуші полицияға танымайтын ер азаматпен лифтіде бірге көтерілгенін айтты. Ол қыздың қолы мен иығынан сүйіп, оған сүйкенген, белінен ұстаған. Әйел оны итеріп жіберіп, өз пәтері орналасқан 16 қабаттан шығып қалған. Пәтеріне келген соң ол полицияға шағымданған.

Полиция қызметкерлері мигрантты ұстады. Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG