Ссылки доступа

Ашхабадта зейнетақы кешіктіріліп жатыр


Пенсионеры, Ашхабад
Пенсионеры, Ашхабад

Түркіменстан астанасында зейнеткерлерге зейнетақы кешіктіріп беріледі, оның себебін ешкім түсіндірмейді. Бұл туралы Азатлыкқа астанадағы дереккөз хабарлады.

Елде бюджет қызметкерлерінің жалақасы кешіктіріліп, азық-түлік бағасы қымбаттап тұрған уақытта зейнетақы да уақытылы берілмей отыр.

"Бұрын зейнетақы уақытылы беріліп келген. Қазір оны алудың қаншалықты қиын екенін жергілікті банк бөлімшелеріне жиналған зейнеткерлердің көптігінен-ақ байқауға болады", - деп хабарлады Азатлык дереккөзі. Оның айтуынша, кезекте тұрғандардың барлығы зейнетақының есепке аударылмау себебін тексергісі келеді.

Бұл уақытта Түркіменстан астанасында күн қатты ыстық болып тұр, көлеңкеде ауа температурасы 50 градусқа дейін көтеріледі. Кезекте тұру оңай емес.

Қазіргі таңда зейнеткерлердің зейнетақысы пластик карталарға аударылады. ​Көктемде зейнетақыны қолмақол ала алатын азаматтар тізімі қысқарды. Ереже бойынша, 70 жасқа толмаған зейнеткерлер зейнетақысын банк картасынан алады.

Зейнетақы әрбір айдың 22-не дейін алуы тиіс. Бірақ көптеген зейнеткерлер маусым айының зейнетақысын шілденің екінші жартысында алған.

XS
SM
MD
LG