Ссылки доступа

Тәжікстанда 17 банк қызметкері жауапқа тартылды


Тәжікстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, биыл 17 банк қызметкері жауапқа тартылған, олардың дені "Агроинвестбанктың" несие беру бөлімінде жұмыс істеген.

Ұлттық банктің Худжандтағы аймақтық бөлімінің мәліметі бойынша, 17 банк қызметкеріне несие туырлау кезінде жалған құжаттар дайындады деген айып тағылған.

Несие беру бөлімінің меңгерушісі ​Навруз Валиевтің айтуынша, күдіктілердің 14-і "Агроинвест банктің" Соғды облысындағы филиалында жұмыс істеген.

Қазір құқыққорғау органдары істі тексеріп жатыр. Күдіктілер арасында "Имон Интернешнл" шағын несие беру мекемесінің бір қызметкері бар. Ол тыйым салынған партия мүшесіне несие туырлау үшін жалған құжаттар әзірледі деген күдікке іліккен.

Ұлттық банк басшысы Жамшед Нұрмұхаммадзода 25 шілдеде "Эсхата банкінің" төрт қызметкері есірткі сатушыларға көмектескен деп айыпталғанын хабарлады.

"Эсхата банктің" бір жоғары лауазымды басшысы айыптау негізсіз деп есептейтіндігін айтты. Оның сөзіне қарағанда, банк клиенттерге ақша аударады, бірақ ол ақшаның қайдан келгенін білмейді.

XS
SM
MD
LG