Ссылки доступа

Ресей билігі америкалық "зиянды" ұйымдарды жою механизмін әзірлеп жатыр


Американский флаг

Ресейдің әділет министрлігі АҚШ қаржыландыратын коммерциялық емес ұйымдарды жою механизмін әзірлеп жатыр. Билік бұл ұйымдар "Ресейге зиян тигізеді" деп есептейді.

Тиісті құжат жобасы нормативті актіердің ресми порталында жарияланды. Ол бойынша, атқарушы билік органдары, федералдық бақылау және прокуратура мәліметтері негізінде ұйымды "зиянды" деп тануға болады. Заңды талқылау 14 тамызда аяқталады. Заң "белгілі бір топтағы адамдарға ғана тарайды" делінген құжатта.

"Агора" адам құқықтарын қорғау ұйымының басшысы Павел Чиковтың айтуынша, "зиянды" ұйымдарды жою механизмі 2012 жылы қабылданған, бірақ әлі қолданылмаған.

"Агора" адвокаты Рамиль Ахметгалиев жаңа заң Вашингтонға қарсы, оның Мария Бутинаның ұстауына жауап ретінде әзірленген болуы мүмкін деп болжайды. Бутина Ресей мүддесін заңсыз қорғады деген күдікпен ұсталған.

XS
SM
MD
LG