Ссылки доступа

Өзбекстанда мәжбүрлеп орындату бюросының басшысын қызметкері өлтірді


Логотип Бюро принудительного исполнения.
Логотип Бюро принудительного исполнения.

2 тамызда Өзбекстанның Қашқадария облысы Яккабаг ауданындағы Мәжбүрлеп орындату бюросының басшысы Бахром Джураев ауруханада қайтыс болды. Үш ай бұрын оны жұмыста бір қызметкері пышақтаған.

Яккабаг ауданындағы Мәжбүрлеп орындату бюросының бұрынғы басшысы Бахром Джураев 2 тамызда Ташкенттегі ауруханалардың бірінде қайтыс болды. Бұл туралы бюро қызметкерлерінің бірі хабарлады.

"Джураев біздің әріптесіміз Шавкат Ибратовты жұмыстан шығарған соң, ол ішіп келіп бастыққа төрт мәрте пышақ салған. Дәрігерлер оны құтқара алмады, 2 тамызда ол қайтыс болды", - деді бюро қызметкері.

Бұл оқиға мамыр айынының басында тіркелген. Облыстық ішкі істер департаменті бюроның бұрынғы қызметкері Шавкат Ибратовқа қарсы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG