Ссылки доступа

БҰҰ Азатлык тілшісі Огулсапар Мурадованың өліміне Түркіменстан жауапты деп таныды


Огулсапар Мурадова

БҰҰ Адам құқықтар жөніндегі комитеті журналист Огулсапар Мурадованы азаптау мен оның өліміне Түркіменстан жауап деп таныды. Бұл туралы Ашық қоғам қоры хабарлады.

Бұған қатысты мәлімет ұйымның сайтында 2 шілдеде жарияланды.

Мурадова 2006 жылы маусым айында ұсталған. Ол абақтыда белгісіз жағдайдарда қайтыс болды. Мурадованың өлу себебі мен уақыты белгісіз. Сонымен бірге оны қай түрмеде ұстағаны да айтылмады.

2006 жылы 14 қыркүйекте қауіпсіздік қызметі Мурадованың отбасына журналист өлімі туралы хабарлаған. Оның мүрдесін тануға барған туыстары Мурадованың басында үлкен жара барын көрген. Олар тәуелсіз дәрігер талап еткен уақытта, мәйітхана қызметкерлері қысым жасаған.

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетіне арызды журналистің ағасы Аннадур Хаджиев атынан Құқықтық бастама қоғамының заңгерлері тапсырды.​

58 жастағы Огулсапар Мурадова Азат Еуропа / Азаттық радиосы Түркімен қызметінде тілші болып істеді. Сонымен бірге ол Түркімен Хельсинки қорын да басқарды.

XS
SM
MD
LG