Ссылки доступа

Қырғызстан жыл аяғына дейін барлық мектептерді Интернетке қосады


2018 жылдың аяғына дейін республикадағы барлық мектептер Интернетке қосылады, деп мәлімдеді премьер-министр Мұхаммедкалый Абылгазиев.

3 тамызда үкімет отырысында ол ақпараттық технология және байланыс мемлекеттік комитетіне барлық міндеттерді мүлтіксіз орындауды тапсырды. Оның айтуынша, оқу жылының басынан дейін мектептердің 80 пайызы Интернетке қосылады, жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш толықтай орындалуы тиіс.

Білім министрлігінің мәліметіне қарағанда, 1451 мектеп қазір Интернетке қосылып тұр.

"Қазір балалар бақшалары толық, тағы 600 балабақша қажет. Мектепте де сондай жағдай. Мұғалімдердің ауырпалығы зор. Біз аймақтардағы білімге назар аударуымыз керек, өйтені тұрғындардың басым бөлігі сонда тұрады", - деді премьер-министр.

Қырғызстанда шамамен 2200 мектеп бар.

XS
SM
MD
LG