Ссылки доступа

Тәжік мигрантын атқан мәскеулік 10,3 жылға сотталды


Мәскеу қаласының Черемушкинский соты метро вагонында тәжік мигрантына оқ атқан 61 жастағы Сергей Царевті түрмеге отырғызды. Оқиға екі жыл бұрын болған: мас күйдегі Царев тәжік мигранты Сулаймон Саидовқа тиіскен.

Царёв тәжік мигранты Саидов пен оның інісінен метро вагонынан шығып кетуді талап еткен.

"Азаматтық ықпалдастық" комитетінің ақпараты бойынша, Мәскеу тұрғыны тәжікстандықтарды "қара маймыл" деп атап, оларды балағаттаған, "үш минуттан соң сен жоқ боласың. Мен сені өлтірем" деп айқайлаған. Одан соң ол Саидовты "ОСА" тапаншасымен бірнеше мәрте атқан. Оқ тәжік азаматының қарны мен басына тиген.

Шабуылдаушы қылмыс орнынан қашып кеткен, бірақ оны артынша қолға түсірді.

Дәрігерлер Саидовтың бір көзін алып тастауға мәжбүр болды.

4 тамызда алқа билер соты Царевті кінәлі деп таныды. Сот оны 10 жыл және 3 айға соттады.

Сулаймон: "Русский мужчина был пьян и угрожал убить нас "
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:05:13 0:00

XS
SM
MD
LG