Ссылки доступа

Қырғыз экс-премьері Бас прокуратурадан бопсалау фактісін тексеруін сұрады


Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков Бас прокуратурадан бопсалау фактісін тексеруін сұрады.

Бұл туралы ҚСДП өкілі Кундуз Жолдубаева хабарлады. Оның айтуынша, Исаковтың арызы құзырлы органға 6 тамызда жолданды:

- Сапар Исаков өзін Ұлттық қауіпіздік мемлекеттік комитетінің қызметкері қорқытқанын тексеруін сұрайды. Бірнеше апта бұрын өзін Илим деп таныстырған комитет қызметкері Исаковқа "егер адвокат Нұрбек Токтакуновтан бас тартпасаң, саған қарсы тағы бір іс қозғаймыз" деп қорқытқан, - деді ол.

Бұның алдында бұрынғы премьер-министрдің адвокаты Токтакунов "өзінің қорғауындағы азаматты комитет қызметкері бопсалағанын" мәлімдеген. Комитет бұны жоққа шығарып отыр.

Сапар Исаков биыл 5 маусымда жемқорлық айыбымен ұсталды.

XS
SM
MD
LG