Ссылки доступа

Өзбекстанға 50 млн инвестиция салуды көздеген өзбекті елге кіргізбей қойды


Қазір Құрама Штаттарда тұратын Өзбекстан тумасы Бабур Хасанды Өзбекстанға кіргізбей қойды. Бұл туралы ол Facebook’тегі парақшасында хабарлады.

Бабур Хасанның айтуынша, 3 тамызда ол АҚШ-тан Ташкентке Мәскеу арқылы ұшып келген. Бірақ өзбек шекарашылары оны елге кіргізбей қойған.

Хасанның айтуынша, ол Өзбекстан экономикасына шамамен 50 млн доллар инвестиция салуды көздеген.

Өзбек билігін оның жобалары қызықтырған, бірақ 7-8 ай бойы виза беруден бас тартып келген.

Facebook’те жариялаған видеосында Өзбекстанның бұрынғы азаматы өз жобаларын Қазақстанда жүзеге асыратынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG