Ссылки доступа

Беларусьта тәуелсіз TUT.BY интернет порталын тінтіп жатыр


Беларусьтағы ірі тәуелсіз Tut.by интернет порталының негізін қалаушы Юрий Зиссер 6 тамызда таңертең компания кеңсесі жабылғанын, Тергеу комитетіндегілер реакцияны тінтіп жатқанын хабарлады. Редакция кеңселері мен бухгалтерия құлыпталды.

Тінтулер тәуелсіз БелаПАН жаңалықтар агенттігінде де жүргізілген.

TUT.by порталындағылардың айтуынша, компанияның бір қызметкері мемлекеттік БелТА ақпарат агенттігінің сайтын бұзып, оның мәліметтерін заңсыз алған деген күдікке іліккен.

Тергеу комитеті "компьютер ақпаратын заңсыз алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеушілер агенттік мәліметін, Tut.by порталынан бөлек, "Белорусская наука" баспа үйі, "БелаПАН" және "Тутбай Медиа" да пайдалануы мүмкін деп отыр. Tut.by порталының бірнеше қызметкері ұсталды. Азаттық радиосының Беларусь қызметі олардың есімдерін атады: Марина Золотова, Ульяна Бабоед, Анна Калтыгина (олар Tut.by порталында жұмыс істеді) және БелаПАН қызметкері Татьяна Коровенкова.

Tut.by порталының редакциясы Минск қаласындағы Omega Tower сауда орталығының екінші қабатында орналасқан.

XS
SM
MD
LG