Ссылки доступа

Тәжікстан байланыс қызметі: Интернетке кіру қиындығы тағы бірнеше күнге созылады


Тәжікстан байланыс қызметі үш күннен бері дұрыс жұмыс істемей тұрған Интернет мәселесі туралы пікір білдірді.

Қызмет өкілінің сөзіне қарағанда, қызмет бұны жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанымен түсіндірді. Тәжікстанда Интернет қолданушылар үшінші күн бойы бірқатар сайттардың, соның ішінде Озоди радиосы сайтының ашылмай тұрғанына шағымданды.

Мекеме жөндеу жұмыстары тағы бірнеше күнге созылатынын хабарлады. Провайдерлер Интернетпен уақытша қиыншылық туралы алдын ала ескерту алған.

Интернет қолданушылар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге VPN жүйесімен де кіре алмай отыр.

Бұл уақытта провайдерлер Интернетке кіру қиындағанын мойындады, бірақ олар бұған қатысы жоқтығын мәлімдеді. Дүйсенбі, 6 тамызда, елдегі бірнеше Интернет-провайдер туындаған қиыншылықтардың салдарынан шығын көргендерін хабарлады.

XS
SM
MD
LG