Ссылки доступа

Өзбекстанда балалар үйінде тәрбиеленушілерге зорлық көрсеткендер жазаланды


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Ферғана облысының қылмыстық істер жөніндегі соты Маргилан қаласындағы №1 балалар үйінің бұрынғы директоры мен қызметкерлеріне бюджет қаражатын жымқырғаны, сонымен бірге тәрбиеленушілерге сексуалдық зорлық көрсеткені үшін жаза белгіледі.

Маргилан қаласындағы №1 балалар үйінің бұрынғы директорына қатысты биыл 18 сәуірде басталған сот 7 тамызда аяқталды, деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

Балалар үйінің бұрынғы директоры Камол Якубов пен оның орынбасары Собиржон Усманов "қызметтегі салақтық", "жалған құжат жасау", "әйелге аборт жасауға мәжбүрлеу" баптарымен төрт жылға соттады. Бұған қоса балалар үйінің фельдшері Ихтиёр Юлдашевті үш жыл және алты айға, тәрбиелеуші Равшан Абдуфаттоевты үш жылға соттады.

Тәрбилешеулір Хуршид Якубов пен Наргиз Солиевті, сонымен бірге бала емізушілер Дильдор Журабаева мен Ханифа Тураеваны үш жылға соттады. Қылмыстық іс бойынша балалар үйінің бұрынғы он қызметкеріне жаза қолданылды.

Хабарларға қарағанда, тәрбиелеушілер мен бала емізушілер 3-7 жас аралығындағы тәрбиеленушілерді үнемі ұрып отырған. Балалар үйі фельдшері де балаларға күш көрсеткен.

"Бұған қоса, тексеру кезінде балалар үйінің кәмелет жасқа толмаған тәрбиеленушісі жүкті болып қалған. Ол тәрбиелеушімен өз еркімен жыныстық қатынасқа түскен. Тәрбиелеуші мебдикемен сөз байласып, қызға аборт жасатқызған", - деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

Балалар үйінің басшылары 167 миллион сум көлемінде бюджет қаражатын талан-таражға салған.

XS
SM
MD
LG