Ссылки доступа

Түркіменстанның солтүстігінде полиция өз өнімдерін сатушыларды базардан қуып жатыр (видео)


Уличные торговцы овощами

Дашоғыз уәлаятындағы базарларда өз өнімдерін сатқысы келген жергілікті халықты полиция қуып жатыр.

Көкөніс пісіп жатқанына қарамастан, елде азық-түлік бағасы төмендемей тұр. Атап айтқанда, Дашоғыз базарларында көкөніс бағасы өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда бірнеше есеге көтерілген. Мысалы, жергілікті помидордың бір келісі өткен жылы 2 манат тұрса, қазір 5 манаттан сатылып жатыр. Сәбіз 7-10 манат, қияр - 5 манат, жергілікті алмалар 7-10 манат тұрады.

Елдің басқа да аймақтарында осы шамалас баға қалыптасқан.

Шаруалар көкөністің қымбаттауын ауыл шаруашылық өнімдері қуаңшылыққа байланысты аз жиналғанымен түсіндіреді.

Бұл уақытта өз бақшаларында көкөніс өсірген жергілікті тұрғындарға базарларда тауарларын сатқызбай отыр.

Полиция Дашогуза разгоняет частных торговцев овощами
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:17 0:00

Дашоғыз билігі бұның себебін шаруаларға түсіндірмей отыр. "Халық аштан қырылып жатса да, оларға өз тауарларын сатуға мүмкіндік бермей отыр", - деді Дашоғыз тұрғыны.

Азатлык радиосы бұл мәселеге қатысты Дашоғыз билігінен қандайда бір пікір ала алмады.

XS
SM
MD
LG