Ссылки доступа

Илон Маск Tesla'ның 420 долларлық акцияларын биржадан шығарып алуы мүмкін


Илон Маск
Илон Маск

Илон Маск әрбір акциясының құны 420 доллар тұратын Tesla компаниясын көпшіліктен жекеменшікке ауыстыруы мүмкін. Бұл туралы ол Twitter арқылы хабарлады. "Қаржыландыру қамтамасыз етілді", деді Маск.

Маск мәлімдемесі биржада Tesla акциялары бағасының 6,5 пайызға көтерілуіне әсер етті. Қазір компанияның бір дана акциясы 363 доллар тұрады. Илон Маск Tesla акцияларының 22 пайызына иелік етеді.

Сейсенбі, 7 тамызда тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман басқаруындағы Сауд Арабиясы Tesla компаниясындағы екі млрд долларға бағаланған үлесін тоқтатып қойды.

Tesla – электромобиль өнідіретін әрі америкалық компания. 2003 жылы құрылған компанияның атауы танымел электротехник және физик Никола Тесланың құрметіне қойылған..

XS
SM
MD
LG