Ссылки доступа

Душанбеден белсенділер отбасын қудалауды доғаруын талап етті


Халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдар Тәжікстан билігін белсенділер отбасы мүшелерін қудалауды, диссиденттерді қаралауын доғаруды талап етті.

Human Rights Watch (HRW) бастаған барлығы жеті адам құқығын қорғаушы ұйым 7 тамызда мәлімдеме таратып, өткен аптада күш құрылымдары белсенді Шабнам Худойдодованың туыстарын ұшақтан түсіріп тастағанын хабарлады. Белсендінің қарт анасы, он жастағы қызы және бауыры Еуропаға Шабнаммен қосылуға жолға шыққан еді.

"Тәжікстан билігінің он жастағы қыз бен оның туыстарына жасаған қатыгез әрекеті ұятқа қалдырады. Бар болғаны оның анасының билікті сынағаны үшін осылай жасап отыр. Олар қысымнан қорықпай, Тәжікстаннан тез арада кетуі керек", - деп мәлімдеді HRW ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Хью Уильямсон.

Ұйымдардың бірлескен мәлімдемесінде тәжік билігі Худойдодованың отбасына бұған дейін де бірнеше мәрте қысым көрсеткенін атап өтті.

XS
SM
MD
LG