Ссылки доступа

Өзбекстан арнайы қызметінің бұрынғы басшысы сенаторлар тізімінен түсіп қалды


Рустам Иноятов, бывший председатель Службы национальной безопасности Узбекистана.
Рустам Иноятов, бывший председатель Службы национальной безопасности Узбекистана.

Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы Рустам Иноятов есімі парламенттің жоғарғы палатасындағы депутаттар тізімінде жоқ. Арнайы қызмет басшылығынан алынған уақытта Иноятов бірден президенттің мемлекеттік кеңесшісі және сенатор болып тағайындалған еді.

"Оның есімінің алып тасталғаны немесе әлі енгізілмегені белгісіз. Бірақ биыл 31 қаңтарда жергілікті ақпарат құралдары президент баспасөз қызметіне сілтеме жасап, генерал-полковниктің президент кеңесшісі және сенатор болып тағайындалғанын хабарлаған. Бірақ Өзбекстан президентінің сайтында Иноятовты сенатор етіп тағайындағаны туралы үкім жарияланған жоқ", - деп жазды Uzmetronom.com.

Озодлик радиосы сенат сайтын мұқият тексеріп шығып, Иноятовты жоғарғы палата депутаттары тізімінен таппады.

Бірақ 7 тамызда Самарқанд облысының бұрынғы басшысы Туроб Жураев есімі сенаторлар тізімінде болған. Ол биыл шілде айында ұсталған еді. Сенат баспасөз қызметі оның есімінің сенаторлар тізімінде тұруын "қателік" деп атаған. Артынша Жураев есімі бұл тізімнен түсіп қалды.

Рустам Иноятов сенатор ретінде қызмет атқарған ба деген сауалға парламенттің жоғарғы палатасы баспасөз хатшысы Камила Зиёева: "Әрине, ол сенатор қызметін атқарып жүр", - деп жауап берген. Бірақ сайтта жарияланған бірде бір материалда Иноятов есімі аталмайды.

Айта кетерлік жайт, Рустам Иноятов жиырма жыл бойы елдегі ең ықпалды адамдардың бірі ретінде аталды. Оны Өзбекстан тұңғыш президентінің "ізбасары" деушілер де болды.

Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметін 23 жыл бойы басқарған Иноятов биыл 31 қаңтарда қызметінен алынды.

XS
SM
MD
LG