Ссылки доступа

ЕҚЫҰ елдері Ресейді Грузиядан әскерін шығаруға шақырды


Участники акции против российской оккупации в Тбилиси. 7 августа 2018 года
Участники акции против российской оккупации в Тбилиси. 7 августа 2018 года

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) мүше 11 мемлекет Ресей мен Грузия арасындағы соғысқа 10 жыл болғанына байланысты мәлімдеме жасады. "Грузия достары" деп аталатын бейресми топ Мәскеуді Грузияның оккупацияланған аймақтарынан әскерін шығаруға және Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз деп танудан бас тартуға шақырады.

"Ресей Грузияға басып кіргеннен он жыл өтсе де біз грузин территориясын оккупациялау тоқтамай отырғанына қатты алаңдаймыз. Біз қақтығысты БҰҰ хартиясы, Хельсинки келісімі және халықаралық құқық нормалары мен принциптері негізінде бейбіт реттеу қажет деп білеміз" делінген мәлімдемеде.

Құжатқа қол қойған елдер Грузияда ЕҚЫҰ бақылаушылар миссиясын құру керегін де ұсынған.

АҚШ Мемлекеттік департаменті де Грузияның халықаралық қауымдастық мойындаған аумағының тұтастығын қолдайтыны туралы мәлімдеме жасады.

Ресей әскері 10 жыл бұрын Абхазия мен Оңтүстік Осетия жағында Грузиямен соғысқан. Ресей және өзін-өзі жариялап алған Абхазия мен Оңтүстік Осетия билігі "Грузияны бейбітшілікке мәжбүрлеу" деп атаған операциясын Грузияның оңтүстікосетиялық бейбіт тұрғындар мен ресейлік бітімгерлерге қарсы басқыншылығына жауап деп біледі. Тбилиси мұны Ресей ұйымдастырған басқыншылық деп атайды.

26 тамызда Ресей Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тәуелсіз мемлекет деп таныған.

Биыл маусымда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Грузияның альянсқа мүше болатынын мәлімдеген. Ресей президенті Владимир Путин бұған жауабында "альянс шекарасының шығысқа қарай кеңеюі Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне тіке қауіп төндіретінін" айтып, Кремльдің оны "жөн көрмейтінін" мәлімдеген. Ал Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Грузияның НАТО-ға қосылуы "қауіпті жанжалға" ұрындыруы мүмкін екенін ескерткен.

XS
SM
MD
LG