Ссылки доступа

Politico: Путин Трампқа қарусыздану туралы ұсыныс берді


Дональд Трамп и Владимир Путин во время встречи в Хельсинки

Ресей президенті Владимир Путин биыл 16 шілдеде Хельсинкиде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу кезінде қарулануға бақылау орнатуға қатысыт бірқатар ұсыныс жасаған. Олардың ішінде ядролық қаруды шектеу және ғарышқа қару орналастыруға тыйым салу туралы ұсыныстар да бар.

Бұл туралы Politico порталы "Қарулануға бақылау орнату мәселелері жөніндегі диалог" деп аталатын құжатқа сүйенген. Ұсыныстар сонда айтылған делінеді.

Стратегиялық шабуылға қарулануды шектеу ( СНВ-III) туралы келісім мерзімін бес жылға созу туралы ұсыныс бар. Келісім мерзімі 2021 жылы аяқталады. Құжатта Ресейдің орта және қысқа қашықтықтарға арналған зымырандар өндірісін тежеу туралы мәлімделген. Сонымен бірге онда "Жер орбитасына қару орналастыруға" тыйым салу туралы жаңа келісім жасау жайы қамтылған, деп жазды Politico.

Хельсинкидегі келіссөздерден соң АҚШ Конгресі Дональд Трампты Путинмен болған әңгіме туралы есеп беруге шақырды. Бұл кездесуге аудармашылар ғана қатысқан.

Саммиттен соң Трамп Путинмен біқатар мәселелерді, соның ішінде Солтүстік Корея, Сирия дағдарыстары, терроризм және кибершабуылдармен күрес талқыланғанын атап өткен, бірақ нақты не айтылғаны жария болмады.

Ресейдің ресми тұлғалары Путин Украинадағы жанжал туралы нақты ұсыныстар жасағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG