Ссылки доступа

Өзбек имамдары суицидпен күреседі


Өзбекстан мешіттерінде жұма намаз кезінде имамдар исламда суицидтің үлкен күнә екендігі туралы уағыз оқи бастады. Мұндай тапсырманы имамдарға Дін істері жөніндегі комитетіндегілер берген.

– Өзбек жастары арасында суицид туралы уағыз республиканың барлық мешіттерінде оқылып жатыр. Дін істері жөніндегі комитет осындай тапсырма берді. Оған елде суицидтің көбеюі себеп болды. Ислам өз-өзін өлтіруге тыйым салады. Адамдар мұндай қадамға иманы аз болғандықтан барады, - деді "Сирож Салих" мешіті имамының көмекшісі.

Өзбекстанның дін істері жөніндегі агенттігі имамдарға осындай тапсырма берілгенін растады.

– Елде соңғы екі айда суицид көрсеткішінің өсуіне байланысты, біз имамдарға жұма намазы кезінде айтылатын уағызды осы тақырыпқа арнауын тапсырдық, – деді комитеттің бір қызметкері.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жыл сайын елде әрбір жүз адамның алтауы өз-өзіне қол жұмсайды. Бұл көрсеткіш одан да көп болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG