Ссылки доступа

Түркіменстан: жоспар орындамаған шаруалар шығынды көтеруі тиіс


Түркіменстанның солтүстігінде астық жоспарын орындамаған шаруалар мемлекетке қарыз болып қалды. Енді олар шығынды өз қалталарынан төлеуі тиіс.

Зейнетақы қоры бар шаруалар ондағы қаражатты мемлекет есебіне аударады, қалғандары түрлі жолдармен берешегін өтеуге мәжбүр. Мысалы, кейбір шаруалар жеке мүлкін саудаға шығарған.

Дашоғыз облысындағы шаруалардың айтуынша, ондаған диқан астық жоспарын орындамағаны үшін прокуратураға шақыртылған, тіпті кейбірінің үйінде тінту жүргізілген. Бірқатар мәліметтерге қарағанда, билік шаруаларға бақылау камераларын орнатуды талап етуді күшейтті. Бақылау камерасы астық жинау кезінде ауыл шаруашылығы техникасына орнатылуы тиіс. Түркімен билігі сол арқылы астық ұрлығына тосқауыл қоюды көздейді.

Берешегі бар шаруалар ісі сотта қаралады. Сот қарызды күшпен өндіру туралы шешім шығарып, соның негізінде диқандардың жеке мүліктері тәркіленеді.

XS
SM
MD
LG