Ссылки доступа

Тәжік министрі "Ислам мемлекетіне" қосылған бала туралы пьеса жазды


Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода "Дили модар" (Ана жүрегі) деп аталатын пьеса жазды. Қоюшы режиссер Курбон Собир соның желісімен спектакль қояды. Оның премьерасы 13 тамызға белгіленген.

Тәжік актрисасы Мариям Исаева қойылымдағы басты рөл - ана образын сомдайды.

"Спектакльдің алдын ала ​қаралымы 5 тамызда өтті. Оған министр Рамазон Рахимзода бастаған шенеуніктер тобы қатысты", – деді актриса.

"Дили модар" пьесасы студент Хуршедтің өмірі баяндалған. Ол Сирияда "Ислам мемлекетіне" қосылады. Ана Хуршедті іздеп Сирияға барады. Ол баласын табады, бірақ соның қолынан қаза болады. Хуршед үлкен күнә жасағанын кеш түсінеді.

Айта кетрелік жайт, Тәжікстан ішкі істер министрі генерал Рамазон Рахимзода өткен жылы көктемде құқыққорғау органдары қызметкерлерінен айына бір мәрте театрға баруын талап еткен еді.

"Дили модар" Рахимзоданың бірінші шығармасы емес. Ол Нихони деген бүркеншік атпен өлең жазады. Былтыр Рахимзоданың сөзіне Ұлт лидері туралы ән жазылған, оны тәжік эстрада жұлдыздары орындап жүр.

XS
SM
MD
LG