Ссылки доступа

Халықаралық компания Қырғызстанның көлеңке экономикасын зерттейді


Қырғызстан экономика министрлігі, Еуропалық Даму және Қайта құру банкінің қолдауымен, ел экономикасының жасырын секторының көлемін анықтауды қолға алды.

Министрлік мәліметі бойынша, зерттеуді халықаралық PricewaterhauseCoopers LLP компаниясы жүргізіп жатыр. Ол осы жұмысты атқаруға қатысты тендер жеңіп алған. Сарапшылар қырғыз экономикасының жасырын секторының пайда болу себептерін анықтап, онымен күрес шараларын ұсынуы тиіс.

Зерттеу нәтижесі бойынша қырғыз үкіметі экономиканың жасырын секторы көлемін қысқартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

Экономика министрлігі ел экономикасының жасырын секторының көлемі үлкен екенін жасырмайды. Ұлттық статистика мәліметі бойынша, 2015 жылы жасырын сектор үлесі 23,8 пайыз болған. Сол себепті экономика министрлігі халықаралық ұйымға кең көлемді зерттеу нәтижесін алу үшін жүгінген.

XS
SM
MD
LG