Ссылки доступа

АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейге қарсы санкциялар енгізді


АҚШ мемлекеттік департаменті британдық Солсбери қаласында Сергей Скрипаль мен оның қызының улануына байланысты Ресейге қарсы санкция енгізді.

Мемлекеттік департамент қызметкері Хизер Нойерт Ресей халықаралық құқықтарды бұзды деп есептеді.

Ресейге салынған жаңа шектеулер 22 тамызда күшіне енеді. Ол бойынша Ресейге тауар экспорттауға тыйым салынады.

Егер Мәскеу үш айдың ішінде химиялық қару қолдануды доғармаса, онда Ресейге қарсы санкциялардың екінші толқыны басталады, деп хабарлады NBC. Атап айтқанда "Аэрофлот" компаниясына АҚШ-қа ұшуға тыйым салынады.

4 наурызда Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия британдық Солбери қаласындағы скверьде еc-түссіз жатқан жерінде табылды. Ұзақ уақыт бойы ем қабылдаған олар ауруханадан шықты. Британ билігі оларды құпия жерге орналастырған.

Лондон Скрипальге шабуылды Кремль жасады деп есептейді, өйткені оларға қолданылған "Новичок" уы КСРО-да жасалған. Мәскеу бұл айыптауды жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG