Ссылки доступа

Тәжікстанның балалар үйі әлеуметтік жетімдерді қабылдамайды


40 жастағы Гулсумның өз баспанасы жоқ, сол себепті әкесінің үйінде тұруға мәжбүр. Бірнеше жыл бұрын ол амалсыз екі баласын интернатқа өткізген.

Биыл жазда балалар атасының үйіне демалысқа келді, осында қалулары да мүмкін: Гулсумге интернаттан хабарласып, балаларды кері қабылдамайтынын айтқан. Өйткені Гулсумнің үйі таршылық көріп отырған жоқ. Оның айтуынша, балаларын интернатқа өткізген басқа да ата-аналарға осылай деп хабарлаған.

Білім және ғылым министрлігінің шешімімен, биыл шілде айынан бастап интернат үйлерде жетімдер ғана қалады.

Хатлон облысы білім басқармасында жұмыс істейтін Сафар Давлатовтың айтуынша, өткен жылғы шешімге сәйкес, интернат үйлерге тұл жетімдер және жартылай жетімдер ғана қабылданады. "Олардың қолында ата-анасының қамқорлығынсыз қалғаны немесе ата-анасының біреуі жоқ екендігі туралы сот шешімі болуы керек", - деді ол.

Соңғы уақытта ата-аналардың көбі балаларын өздері өсіргілері келмейді, оны мемлекетке артып қойғанды қалайды. Соған байланысты осындай шешім қабылданған, деді Сафар Давлат.

Жалолиддин Балхи ауданындағы жетім балалар үйінің директоры Раджаб Шокировтың айтуынша, 254 баланың 113-і ата-аналарының немесе туыстарының үйлеріне оралулары керек. "Бірқатарының жағдайы жақсы, ал ажырасқандары алимент алып тұрады, олар жоқшылық көріп отырған жоқ", - деді Шокиров.

Тәжікстанда 77 интернат үйі бар, онда 46 мыңнан астам бала тұрады.

XS
SM
MD
LG