Ссылки доступа

Түркімен билігі егіс алқабын заңсыз суғарумен күресіп жатыр


Район Рухубелент Дашогузской области Туркменистана (иллюстративное фото)

Дашоғыз облысында ауыл шаруашылығына арналған каналдарға күзет орнатылған. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, түркімен билігі егіс алқаптарын заңсыз суғарумен осылайша күресіп отыр.

"Әкімдік тапсырмасымен, күн сайын әрбір бригадан екі адам 100 шақырымдық каналдарды күзетуі тиіс. Әйтпесе жергілікті тұрғындар немесе шаруалар каналдағы суды насоспен тартып алуы мүмкін", - деп хабарлады Азатлык дереккөзі. Оның айтуынша, халыққа канал суын пайдалануға ауызша тыйым салынған.

Дереккөз мәліметі бойынша, қазіргі таңда ​Сапармұрад Түркіменбашы ауданында күріш егетін жеті шаруашылық бар, ел басшылығындағы шенеуніктердің соған иелік етеді. Дереккөздің айтуынша ,осы жерлерді қосымша суғарудан аймақта су тапшылығы сезіліп отыр.

Губадаг, Болдумсаз, Конеургенч аудандарында мақта егетін шаруалар алқап жанында ағып жатқан каналдан су ала алмай отыр.

Биыл Дашоғызда су каналдарға кеш жіберілген. Әдетте каналға су ақпан айында берілсе, осы жылы ол бірнеше аптаға кешіккен. Соның салдарынан мақта алқаптарын егіске дайындау жұмыстары екі айға кешігіп басталған.

XS
SM
MD
LG