Ссылки доступа

Өзбекстанда мешіт қызметкерлеріне 1 млн сум садақа жинау міндеттелген


Расписка, приклеенная к двери мечети «Яргунчи» в Кашкадарьинской области Узбекистана.

Өзбекстанның Қашқадария облысындағы "Яргунчи" мешітінің қызметкерлерінен 1 млн сум жинау тапсырылған. Әйтпесе мешіт жабылатыны ескертілген.

"Яргунчи" мешітінің есік алдында "Мешіт есебіне 1 млн доллар садақа жиналмаса, мешіт жабылады" делінген хабарлама пайда болды. Қағазға мешіт имамы Бурхан Пардаев пен оның орынбасары Орал Боймирзаев қол қойған. Хабарландыру суретін Озодлик редакциясына мешітке келушілердің бірі жолдаған.

Пардаев осындай хабарландыру бар екенін жасырмады. Оның айтуынша, есепке жеткілікті қаражат түспесе, мешіт жабылып қалуы мүмкін. Өйткені биыл садақа аз түскен. "Соның салдарынан айлық алмадық", - деді ол.

Республикадағы бірқатар мешіт имамдары соңғы уақытта Өзбекстанда мешітке түсетін ақшаны бақылауды күшейткенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG