Ссылки доступа

TUT.BY бас редакторы БелТА ақпаратын заңсыз қолданылғанын мойындады


Марина Золотова после освобождения, Минск, 9 августа 2018 года
Марина Золотова после освобождения, Минск, 9 августа 2018 года

Тәуелсіз TUT.BY порталының бас редакторы Марина Золотова қарамағындағы журналистердің мемлекеттік БелТА ақпараттық агенттігінің ақылы материалдарын заңсыз қолданғанын мойындады. Бұл туралы Беларусь Тергеу комитеті хабарлады.

Тергеушілер БелТА ісі бойынша ұсталғандарды босату туралы шешім қабылдады. TUT.BY порталының хабарлауынша, редакторлар Тергеу комитеті ғимаратынан шыға бастады.

Дегенмен БелаПАН агенттігі бейсенбі, 9 тамызда кешке агенттік бас редакторы Ирина Левшинаны Минскідегі тергеу абақтысына қамағанын хабарлады. 9 тамызда оның үйінде тінту жүргізілген.

7 тамызда БелаПАН агенттігі мен TUT.BY порталының редакцияларында тінту жүргізіліп, сол күні үш журналист үш күнге қамалды. Халықаралық және жергілікті адам құқықтарын қорғау ұйымдары құқыққорғау органдарының бұл әрекетін сөз еркіндігін бұзады деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG