Ссылки доступа

Түркіменстанда бюджет қызметкерлері Тәуелсіздік күніне дайындалып жатыр


Архивное фото

Түркіменстан билігі Тәуелсіздік күні мерекесіне жаппай дайындық шараларын бастады. Дагдан стадионындағы дайындық 45 градустық ыстықта өтіп жатыр.

Түркіменстанның Тәуелсіздік күні мерекесі биыл алғаш рет 27 қыркүйекте атап өтіледі. Бұған дейін, 26 жыл бойы, елдің басты мерекесі 27 қазанда атап өтілетін.

Мереке күнінің ауыстырылуына байланысты биыл дайындық та бір ай бұрын басталды. Бірақ жаппай шерулер мен қойылымдарға әдеттегідей бюджет қызметкерлері тартылған. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, мемлекеттік шараға дайындыққа қатысып жатқандардың жасы 35 жастан аспайды.

Жұмысшылар әрбір сәрсенбі сайын жұмыстан соң "Дагдан" стадионына жиналуға міндетті.

Былтыр Тәуелсіздік күнінне дайындыққа байланысты бірқатар банктер, медициналық мекемелер, әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдары жабылып қалған еді.

XS
SM
MD
LG