Ссылки доступа

Тәжік таксишісі америкалық туристің жоғалған құжаттарын қайтарып берді


Душанбедегі жас таксиші америкалық туристердің автокөлік салонында ұмыт қалдырған әмияні мен құжаттарын қайтарды.

Такси жүргізуші Мұхаммад Изатуллоев салонда қалған әмиянді көре сала, жоғалған заттың иесін іздеуге кіріскен.

Оның айтуынша, 8 тамызда таксиге америкалық Мэтью Пушел мен оның отбасы отырған. Мұхаммад оларды сұраған мекен-жайға жеткізіп тастаған, ал көліктің артқы орындығына түсіп қалған әмиянді ол кейін байқаған. ​

Құжаттары жоғалғанын білген Мэтью милицияға арызданған. Мұхаммад құжаттарды иесіне қайтарғанда қатты қуанған Мэтью жылап жіберген. "Менің қуанышымды шек болған жоқ. Өйткені күні ертең обтасыммен Америкаға қайтуымыз керек еді", - деді Мэтью.

Милицияның туристік бөлімі Дангарда шетел туристерін өлтіріп кеткеннен кейін үш күннен соң құрылды. Олар қоғамдық тәртіпті, шетел туристерінің қауіпсіздігін қорғайды, қажетті ақпаратты жеткізеді.

XS
SM
MD
LG