Ссылки доступа

Қырғыз ақыны бұрынғы бас прокурорды сотқа берді


Азаматтық белсенді әрі ақын Темирлан Ормуков бұрынғы бас прокурор Индира Жолдубаеваны сотқа берді.

Ормуков соттан бұрынғы бас прокурордың әрекеттерін заңсыз деп танып, өз пайдасына 50 мың сом (шамамен 750 доллар) өндіріп беруін сұрады. Сонымен бірге ақын Жолдубаеваның сот шығындарын төлеуін талап етті.

Темирлан Ормуков өзінің "Ажонун ооруп жүрөгү" өлеңіне сараптаманы орыс тілінде өткізгенін дұрыс емес деп есептейді. Ақын тергеудің өзіне қысым көрсеткенін мәлімдедеді, сол үшін бұрынғы бас прокурор Индира Жолдубаева жауап беруі тиіс деп есептейді.

2016 жылы желтоқсанда Темирлан Ормуковты Бас прокуратураға тергеуге шақыртқан. Құқыққорғау органындағыларды ақынның әлеуметтік желілерде тараған "Ажонун ооруп жүрөгү" (Үкіметтің жүрегі ауырды) өлеңінің мазмұны қызықтырған. Өлеңде президенттің ар-ұжданына тиетін сөздердің бар-жоғын білу үшін сарапта тағайындалған. Бұл өлеңде сол кезде президент болып тұрған Алмазбек Атамбаевқа сын айтылады. Ақынға қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ.

XS
SM
MD
LG