Ссылки доступа

АҚШ-та имам баласы мектепте шабуыл жасауға үйреткен (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- АҚШ-та танымал имамның баласы лагерьде 11 балаға мектепте шабуыл жасауға үйреткен. (видео Настоящее время)

- "Биліктің мақсаты – қорқытып, ішкі цензорды қосу". Адам құқығын қорғаушы журналистердің ұсталуы туралы. (видео Настоящее время)

- Қазақстандағы ең биік сарқырама. (фотокөрме)

- Суға батқан адамды қалай құтқару керек? 2018 жылдың басынан бері Қырғызстанда жүзден астам адам суға кетті. (видео Директ)​

- Бішкектегі ет комбинатында шыққан өрт сөндірілді. (видео КР).

- Грузия НАТО-ға кірген жағдайда Мәскеуден не күтуге болады? (видео Настоящее время)

- Азған, қартайған. Сенцовтың жаңа суреті пайда болды. Ресейде колонияда отырған қырымдық Олег Сенцовтың 9 тамызда түсірілген суреті жарияланды. (фотокөрме)

- Баға қымбат: тәжікстандықтар қауын мен қарбызды қымбатсынады. (видео)

- Тбилисиде Ресей басқыншылығына қарсы акция өтті. (видео Настоящее время)

- Шолпан Атада "Мекендештер" форумы өтіп жатыр. (фотокөрме)

- Бес күндік соғыс хроникасы. 2008 жылы 8 тамызда Грузия-Ресей әскери жанжалы басталды. (видео Директ)​

- Азиз Суракматов Бішкек мэрі болып сайланды. (видео / Қырғызстан).

- "Тәжіктер - мейірімді халық". Дангарда өлтірілген туристердің соңғы видеосы.(видео)​

- Ақ үй Иранға қарсы тарихтағы ең қатаң санкциялар енгізді. (видео Настоящее время)

- "Біздің елдің аумағының 20 пайызын басып алды. Тағы қанша жер беруіміз керек?" Грузия өкілі Ресеймен арадағы жанжал туралы (видео Директ)​

- Соғдыда құрылыс материалдарының ірі қоймасы өртенді. (фотокөрме)

- «Тыңшы деп түрмеге қамаған». Турду 45 жыл бұрын Қытайдан отанына қашқан. Турду Омуралиев 80 жаста. Оның ата-анасы 1916 ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Қытайға қашқан. 45 жыл бұрын ол Қытайдан қашты, бірақ Отанында - Қырғызстанда оны тыңшы деп түрмеге қамаған. (видео Директ)​

- Шалғайдағы түйекештің өмірі. Азаттық тілшісі Арал теңізі маңындағы Бөлекқұм қонысында жалғыз үй болып отырған түйекеш отбасының тұрмысын көріп қайтты. (Қазақстан / видео)

- Каспий маңы елдері апатқа дайын ба? Каспий маңы елдері теңіздегі табиғи немесе техногендік апат кезіндегі әлеуеттерін сынап көрді. Әр елдің өз проблемасы бар. (Қазақстан / видео)

- Грант санының артуы маман сапасына әсер ете ме? Қазақстанның ресми ресурстарында білім гранттарын иеленген елу мың түлектің аты-жөні жарияланды. Былтыр 30 мың білім гранты тағайындалған. Биыл 50 мың талапкер бюджет есебінен тегін оқуға мүмкіндік алды. Білім министрлігі өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда келер жылы да білім грантының саны артпақ. (Қазақстан / видео)

- Жениш: Мигранттар Қырғызстанды дамытады. Жениш Исамамбетов Оңтүстік Кореяда зауытта жұмыс істейді. Ол сол елде отбасын құрған, бірақ кәсібін Қырғызстанда ашқысы келеді. (видео / Қырғызстан).

- «Сталинді салғым келеді» – Қырымда тату салудың жаңа сән үлгілері. (видео Директ)

- Каспий теңізіндегі бірлескен оқу-жаттығулар. Ақтауда құтқарушылардың бірлескен оқулары аяқталды. (фотокөрме)

- Принтермен дайындалған бургер: болашақтың тамағы. (видео Директ)​

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG