Ссылки доступа

Өзбекстанда мәжбүрлеп орындату бюросының қызметкерлері тұрғындар шабуылына жиі ұшырайды (видео)


Логотип Бюро принудительного исполнения.

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі жазаны мәжбүрлеп орындату қызметінің мамандарына тұрғындар тарапынан жасалатын шабуылдар туралы мәлімет жариялады. Ресми мәлімет бойынша, шамамен жүз қызметкер биыл коммуналдық қызметке берешектердің шабуылына ұшыраған.

19 шілдеде Әндіжан облысы Әндіжан ауданының Бас прокуратураға қарасты мәжбүрлеп орындату бюросының қызметкері Бахром Хакимкуловты жергілікті тұрғын пышақтаған. Жақында ол ауруханадан шықты. 20 шілдеде Әндіжан аудандық ішкі істер басқармасы шабуылдаушыға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жақында Бас прокуратураның баспасөз қызметі биыл бюроның 96 қызметкері - орындаушылар мен инспекторлар коммуналдық қызметке берешек адамдардың шабуылына ұшырағаны туралы видеосюжет жариялады.

"34 оқиға бойынша "билік өкіліне қарсылық көрсету" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұған қоса жиырмадан астам әкімшілік іс бар. Қалған істерді зерттеп жатыр", - деді бюроның орталық аппаратының баспасөз хатшысы Фаррух Ташпулатов.

Мәжбүрлеп орындату бюросы Бас прокуратура жанынан 2017 жылы 29 мамырда президент Шавкат Мирзияевтің қаулысы негізінде құрылған. Бюро электр ресурстары үшін төлемнің уақытылы атқарылуын қадағалайды. Бюро инстекторлары газ бен жарық ақысын төлемегендердің мүлкін тәркілей алады.

XS
SM
MD
LG