Ссылки доступа

Тәжік журналисі көше серілерімен соттасып жатыр


Афсона Акобиршоева

Душанбе тұрғынының жас жігіттер тарапынан сексуалдық қырындаушылығына қарсы шағымы сотта қаралады. Озоди радиосының журналисі Афсона Акобиршоева 7 тамызда ІІМ басшысы атына арызданып, оның өтініші сол күні-ақ аудандық сотқа жолданды.

Афсонаның айтуынша, 6 тамызда жұмысқа бара жатқан жолда оған бірнеше құрылысшы тиіскен.

Әуелі қыз құрылысшылардың сөздеріне мән бермеуге тырысқан: олар былапыт сөздер айтып, ысқырған, сексуалды ләззат алған адам секілді ыңырсыған. Журналист бұны телефонына түсіре бастағанда, құрылысшылар қаша жөнелген, бірақ біреуі қызға жақындап, жыныстық мүшесін көрсетуге ишарат жасаған.

Журналист қыз милицияға арызданғысы келді. Сомони аудандық ішкі істер бөліміне барды, бірақ оның арызына мән бермеген. Келесі күні ол ішкі істер министріне тікелей шыққан. Қазір іс Сомони сотына жолданған. "Әуелі құрылысшалар ештеңе мойындағысы келмеді, енді кешірім сұрай бастады. Маған олардың кешірім сұрағаны керек емес, заңмен жазаланғанын қалаймын", - деді Афсона.

XS
SM
MD
LG