Ссылки доступа

Қырғызстан әскердегі жағдайға қатысты дабыл қақты


"Кылым шамы" қоғамдық қорының жетекшісі Азиза Абдирасулова президент Сооронбай Жээнбековке Қырғызстан Қарулы күштеріндегі әлімжеттікке назар аударуға шақырды.

Оның айтуынша, армияда жас сарбаздарға әлімжеттік көрсету тыйылмай отыр.

Бұның алдында Азаттык радиосына "Ала-Тоо" полигонында әскери борышын өтеп жатқан бірнеше сарбаздың ата-аналары редакцияға келіп, балаларын ұрып-соғатынын, түрлі жұмыстарға салатынын айтқан.

Олар 8 маусымда бұл жағдайды Әскери прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне жеткізген. Бішкек гарнизоны прокуратурасы 18 маусымда "қызмет бабын асыра пайдалану" бабымен қылмыстық іс қозғады. Бас прокуратура бұл іске қатысты пікір білдіруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG