Ссылки доступа

Ұлттық банк құлдыраған теңге бағамын қолдан көтеруге әзір


Теңге бағасы құлдырап бара жатқан уақытта, 9 тамызда Қазақстан Ұлттын банкі үлттық валютаны қолдан көтеруге әзір екенін мәлімдеді.

Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, теңгенің құлдырауына "Ресейге қатысты санкциялардың күшеюіне байланысты ресейлік рубльдің құнсыздануы әсер еткен".

Қазір валюта бағамы Ұлттық банктің қатысуынсыз анықталып отыр. Ол теңгенің қатты құлдырауын болдырмас үшін өз тарапынан ықпал етуге әзір екендігін хабарлады.

Бірқатар жергілікті қаржы сарапшылары Ұлттық банктің валюта интервенциялары туралы мәлімет құпия сақталып отырғанына алаңдаушылық білдірді.

Ай басында Ұлттық банк еркін айырбас бағамын жақтап, ол "экономикадағы дисбаланстан" арылуға көмектеседі деп мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG