Ссылки доступа

Теңге құнсызданғанда кім ұтты, кім ұтылды? (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Каспийді бөлісуге 20 жыл уақыт кетті. Каспий – көл ме, теңіз бе? Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Иран және Тәжікстан лидерлері Каспий теңізінің мәртебесін анықтайтын құжатқа қол қойды. (видео Настоящее время)

- Теңге құнсызданғанда кім ұтты, кім ұтылды?​ (видео / Қазақстан)

- Конгреске кіргелі тұрған алғашқы мұсылман әйел. Мичиган штатының заң шығарушы органының демократ депутаты Рашида Тлаиб осы штатта тамыздың 7-сінде өткен Конгресс сайлауының 13-аймағында бес бәсекелесінен үстем түсті. (видео)

- Банк бөлімшелерінде кезек азаймады. Шілде аяғында «Qazkom» банк «Халық банкке» толық қосылғалы бөлімшелерде кезек көп. Банк клиенттерінің арасында қызмет сапасына байланысты шағынатындар бар. «Халық банк» басшыларының бірі қызметтегі кемшіліктердің уақытша екенін айтады. (видео / Қазақстан)

- Нагасаки құрбандарын еске алды. 1945 жылы 9 тамыз күні АҚШ-тың B-29 бомбалаушы ұшағы Жапонияның Нагасаки қаласына атом бомбасын тастады. Жарылыс салдарынан 80 мыңға тарта адам құрбан болған. Бейсенбі күні Нагасаки қаласында өткен еске алу шарасына тұңғыш рет БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш қатысты. (видео)

- Шалғайдағы түйекештің өмірі. Азаттық тілшісі Арал теңізі маңындағы Бөлекқұм қонысында жалғыз үй болып отырған түйекеш отбасының тұрмысын көріп қайтты. (видео / Қазақстан)

- Құрық порты. Бүгін Ақтау қаласынан 100 километр қашықтықта орналасқан Құрық портының екінші кезеңінің тұсаукесері өтті. Құрық портындағы жаңа кешен арқылы Өзбекстанмен шекара маңындағы Тәжен кеден бекеті мен Қорғас бекетінен тасымалданатын жүк-тауарлар өтеді. (фотокөрме)

- Қазақстандағы ең биік сарқырама. Бұрханбұлақ - Қазақстандағы ең биік сарқырама. Оның биіктігі - 114 метр, төртінші каскадын қосып есептегенде 168 метрге жетеді. Сарқырама Алматы облысы Ескелді ауданының аумағында орналасқан. (фотокөрме)

- Ресей мен Грузия арасындағы соғыс. Осыдан тура он жыл бұрын, 2008 жылғы тамызда, Ресей мен Грузия арасында соғыс басталған еді. (фотокөрме)

- Ашхабадта азық-түлікке кезек сақталып тұр. (видео)

- Тәжікстанда туристерді өлтіруге кім бұйрық берді? (видео ТР)

- Қара теңізде ежелгі Рим кемесінің қалдықтары табылды. (видео Настоящее время)

- Суға батқан адамды қалай құтқару керек? 2018 жылдың басынан бері Қырғызстанда жүзден астам адам суға кетті. (видео Директ)

- «Тыңшы деп түрмеге қамаған». Турду 45 жыл бұрын Қытайдан отанына қашқан. Турду Омуралиев 80 жаста. Оның ата-анасы 1916 ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Қытайға қашқан. 45 жыл бұрын ол Қытайдан қашты, бірақ Отанында - Қырғызстанда оны тыңшы деп түрмеге қамаған. (видео Директ)

- Рубльдің құлдырауы жыл соңына дейін сақталады – сарапшы пікірі. (видео Настоящее время)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG