Ссылки доступа

Өзбекстан Тәжікстанға заманауи аурухана салып бермек


Өзбекстан Тәжікстанның оңтүстігіндегі Кубодиён ауданына 200 төсегі бар медициналық кешен салып бермекші. Аудан әкімдігіндегі дереккөз Өзбекстан өкілдері келіп, құрылыс орнын белгілеп кетті деп хабарлайды.

«Құжаттарға қол қою процесі аяқталды, енді жақын күндері құрылыс басталады», - деді дереккөз.

Кубодиён ауданына аурухана салу - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Тәжікстанға сапары кезінде келісілген жобалардың бірі. Мұнан бөлек Соғдыда 630 оқушыға арналған мектеп салу жоспарда бар. Бұл да өзбек ақшасына салынбақ.

Кубодиён ауданы Өзбекстан және Ауғанстанмен шекараласады. Сондықтан бұл аймақта өзбек диаспорасы орналасқан.

Ал Тәжікстан тарабы болса, тәжік халқы көп орналасқан Самарқаннан 640 оқушыға арналған мектеп салып бермек.

XS
SM
MD
LG