Ссылки доступа

Тәлібтер Ауғанстанның Тәжікстанмен шекаралас Ойхоним уезін басып алды


Тәжік-ауған шекарасы.
Тәжік-ауған шекарасы.

"Тәлибан" қозғалысы Ауғанстанның Тәжікстанмен шекаралас Ойхоним уезін басып алғаннан кейін, тәжік тарабы "Кокул" шекара бекетін уақытша жапқан.

"Тәлибан" қозғалысы содырларының Ойхоним уезі мен ондағы шекара бекетін басып алғаны жөніндегі ақпаратты Тахор ауған провинциясы губернаторының баспасөз хатшысы Халил Асир мәлімдеді.

Оның сөзінше, қарулы ұрыс кезінде 13 шекара полициясы қаза тауып, жетеуі жараланған.

"Тәлібтер шекара бекеті мен кеден жабдықтарын басып алды. Қазір үкімет әскері қарсы шабуыл операциясына дайындалып жатыр", - деді Халил Асир.

Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара әскерінің баспасөз хатшысы Мұхаммаджон Улугходжаев тәжік-ауған шекарасында болып жатқан жағдай толық бақылауда екенін, шекарадан заңсыз өту әрекеттері орын алмағанын мәлімдеді.

Бірақ Куляб аймағының күш құрылымындағы дереккөздің мәліметінше, тәлібтер туын Ойхоним шекара бекетіне іліп қойған.

XS
SM
MD
LG