Ссылки доступа

Қырғызстанда Тәжікстаннан заңсыз дәрі-дәрмек тиелген жүк тәркіленді


Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) Тәжікстаннан заңсыз дәрі-дәрмек алып өткен адамның ұсталғанын мәлімдеді.

ҰҚМК мәліметі бойынша, Баткен ауданы Қызыл жол ауылында "Мерседес-Бенц Спринтер-311" маркалы микроавтобуспен Лейлек ауданының тұрғыны ұсталған.

Ол жүргізіп келе жатқан көліктен 5 мың құты стрептоцид, 1 мың 100 құты линкомицин және 400 құты амарил салынған 46 жәшік табылған.

Жүк Қырғызстан аумағына кеден салығынсыз өткен әрі денсаулық сақтау министрлігінің рұқсат берілген құжаты жоқ. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG