Ссылки доступа

Өзбек жерінде қазақтар қоныс тепкен Бала әулие жайлауы (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Памирде тікұшақ апатынан тірі қалған альпинистер қайғылы оқиғаның қалай болғанын айтып берді. (видео Директ)​

- Арменияның экс-президентін қайта қамауды талап етті. Ереванда 14 тамыз күні наразы топ экс-президент Роберт Кочарянның пресс-конференциясы өтуі тиіс болған залға басып кіріп, экс-президенттің жоспарлаған жиынын өткізбей қойған. (видео)

- Теңге әлсірегенде азық-түлік қымбаттай ма? Күн тәртібінде болмаса да сейсенбі күнгі үкімет отырысында теңгенің таяудағы құнсыздануы сөз болды. (видео)

- Жар жағасындағы үй. Петропавлда Есіл өзенінің жағасында жарқабақтағы жиырма шақты үй құлағалы тұр. Тұрғындар әкімдік көмектеспеді десе, тиісті органдар шара қолданып жатқандарын айтады. (видео)

- Өзбекстандағы Бала әулие жайлауы. Ташкенттен 60 км жердегі Паркент қаласы маңында Бала әулие деп аталатын жайлау зиярат орнына айналған. Мұнда ғасырлар бойы қазақтар тіршілік етіп келеді. (видео)

- "Аралдан көшіп кеткендер қайта келіп жатыр". Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген ауылының балықшысы Ғабит Зейноллаев Арал теңізі тартылған кездегі және Кіші Арал теңізі қалпына келгеннен кейінгі балықшылар өмірі туралы әңгімелейді.​ (видео)

- Этникалық қазақ студенттер Қытайға қайтудан қорқады. Қытайдан Қазақстанға келіп оқып жүрген этникалық қазақ студенттер жазғы демалыстарында Шыңжаңға барудан сақтанып, Алматыдағы уақытша жатақхананы паналауға мәжбүр. 2016 жылдан бастап Қытай билігі Шыңжаңдағы этникалық азшылық өкілдерін саяси тәрбиелеу орталықтарына қамап жатқаны айтыла бастаған.​ (видео)

- NASA Күн жүйесіне зерттеу аспабын жіберді. NASA америкалық ғарыш агенттігі Күнді зерттеу үшін Parker зондын ғарышқа жөнелтті. (видео Настоящее время)

- Каспийді бөлісуге 20 жыл уақыт кетті. Каспий – көл ме, теңіз бе? Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Иран және Тәжікстан лидерлері Каспий теңізінің мәртебесін анықтайтын құжатқа қол қойды. (видео Настоящее время)

- Конгреске кіргелі тұрған алғашқы мұсылман әйел. Мичиган штатының заң шығарушы органының демократ депутаты Рашида Тлаиб осы штатта тамыздың 7-сінде өткен Конгресс сайлауының 13-аймағында бес бәсекелесінен үстем түсті. (видео)

- Нагасаки құрбандарын еске алды. 1945 жылы 9 тамыз күні АҚШ-тың B-29 бомбалаушы ұшағы Жапонияның Нагасаки қаласына атом бомбасын тастады. Жарылыс салдарынан 80 мыңға тарта адам құрбан болған. Бейсенбі күні Нагасаки қаласында өткен еске алу шарасына тұңғыш рет БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш қатысты. (видео)

- Шалғайдағы түйекештің өмірі. Азаттық тілшісі Арал теңізі маңындағы Бөлекқұм қонысында жалғыз үй болып отырған түйекеш отбасының тұрмысын көріп қайтты. (видео / Қазақстан)

- Құрық порты. Бүгін Ақтау қаласынан 100 километр қашықтықта орналасқан Құрық портының екінші кезеңінің тұсаукесері өтті. Құрық портындағы жаңа кешен арқылы Өзбекстанмен шекара маңындағы Тәжен кеден бекеті мен Қорғас бекетінен тасымалданатын жүк-тауарлар өтеді. (фотокөрме)

- Қазақстандағы ең биік сарқырама. Бұрханбұлақ - Қазақстандағы ең биік сарқырама. Оның биіктігі - 114 метр, төртінші каскадын қосып есептегенде 168 метрге жетеді. Сарқырама Алматы облысы Ескелді ауданының аумағында орналасқан. (фотокөрме)

- Ресей мен Грузия арасындағы соғыс. Осыдан тура он жыл бұрын, 2008 жылғы тамызда, Ресей мен Грузия арасында соғыс басталған еді. (фотокөрме)

- Қара теңізде ежелгі Рим кемесінің қалдықтары табылды. (видео Настоящее время)

- «Тыңшы деп түрмеге қамаған». Турду 45 жыл бұрын Қытайдан отанына қашқан. Турду Омуралиев 80 жаста. Оның ата-анасы 1916 ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Қытайға қашқан. 45 жыл бұрын ол Қытайдан қашты, бірақ Отанында - Қырғызстанда оны тыңшы деп түрмеге қамаған. (видео Директ)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG