Ссылки доступа

Мәскеуде жаяу адамдарды қағып кеткен қырғыз мигранттың қамаудағы мерзімі ұзартылды


Чынгыз Анарбек уулу.
Чынгыз Анарбек уулу.

Мәскеу соты жаяу адамдарды қағып өткен қырғызстандық мигрант Чынгыз Анарбек уулуның қамаудағы мерзімін тағы екі айға созды. Тиісті шешімді Тверск аудандық соты шығарды.

16 маусымда Қырғызстан азаматы Чынгыз Анарбек уулу Мәскеу қаласының Ильинка көшесінде жеңіл көлігімен кетіп бара жатып, рөлді басқара алмай, жолдың шетіндегі бір топ адамды қағып өткен.

Оны тергеу кезінде түсірілген видеоны РФ ІІМ-нің Мәскеу қалалық басқармасы ресми сайтында жариялады. Жүргізуші апат болар алдында 20 сағат бойында ұйықтамай жұмыс істегенін мәлімдеді.

Апат салдарынан жеті адам жараланған. Олардың жағдайы бірқалыпты. Тек бір әйел орта деңгейде жарақат алған. 18 маусымда Мәскеу соты Чынгыз Анарбек уулун екі айға қамау туралы шешім шығарды.

XS
SM
MD
LG