Ссылки доступа

Спорт шебері өлтірілгеннен кейін, Ташкенттің түнгі клубтарына рейд жүргізілді


Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы "Аурум 898" клубында еркін күрес бойынша спорт шебері, 25 жастағы Жамшид Кенжаев өлтірілгеннен кейін, астананың барлық түнгі клубтарына рейд жүргізілді.

Ташкенттің "Жазғы бақша" және "Вачач" түнгі клубтарындағы видеокамераларда полиция өкілдерінің адамдарды жерге жатқызып, резеңке таяқпен ұрып, аяқтарымен тепкілеп, ғимарат жиһаздарын сындырып жатқан әрекеттері жазылып қалған. Видеотаспалардағы бұл көріністер әлеуметтік желіде тарап кетті.

"Жазғы бақша" клубының менеджері Озодлик радиосына берген сұқбатында рейд барысында құқық қорғау органдарының қызметкері клуб күзетшісін, официантты және диджейін сабағанын айтты.

Ташкенттегі "Жазғы бақша" түнгі клубы.
Ташкенттегі "Жазғы бақша" түнгі клубы.

Аталған клубтың диджейі "Шоха" полиция өкілдерінің соққысынан кейін, тұра алмай қалғанын айтады.

Тағы бір "Вачач" клубының өкілдері де рейд кезінде азапталған.

Ташкенттегі "Вачач" клубы
Ташкенттегі "Вачач" клубы

Ташкент ІІБ әлеуметтік желіде тарап кеткен видео жайында әлі түсініктеме бермеді.

9 тамызда Ташкенттегі "Аурум 898" түнгі клубының күзетшілері 25 жастағы спорт шебері, еркін күрес бойынша Өзбекстан чемпионы Жамшид Кенжаевты өлтірген. Бұл іске қатысты аталған клубтың үш күзетшісі ұсталған.

XS
SM
MD
LG