Ссылки доступа

Астана көшелерінің біріне Шыңғыс Айтматов есімі берілді


Жаңа көшенің ашулы салтанатына Қырғызстан және Қазақстан премьер-министрлері қатысты
Жаңа көшенің ашулы салтанатына Қырғызстан және Қазақстан премьер-министрлері қатысты

Қазақстан астанасы – Астана қаласындағы көшелердің біріне Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың есімі берілді.

16 тамызда өткен жаңа көшені ашу салтанатына Қазақстан және Қырғызстан премьер-министрлері Бақытжан Сағынтаев пен Мұхаммедқали Абылғазиев қатысты.

Жаңа көшеге Айтматовтың есімін беру - жазушының 90 жылдығына арналған мерейтойы қарсаңында өтті.

Бұл күндері Астанада Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл жиында екі елдің қарым-қатынасын дамытуға арналған өзекті мәселелер көтеріледі.

XS
SM
MD
LG