Ссылки доступа

Өзбекстанда үйлену тойы мен асты реттеу жөнінде арнайы комиссия құрылады


Өзбекстан парламенті қабылдаған шешімге сәйкес, бұдан былай елде болатын үйлену тойы, еске алу асы, мерейтой секілді шаралармен арнайы комиссия айналысатын болады.

13 тамызда сенат депутаттары қабылдаған қаулыға сәйкес, облыс, аудандарда дәстүрлі шараларды атап өтуді реттейтін комиссия құрылады.

Аталған комиссия жергілікті жерлерде өткізілетін шаралардың үлгісін жасайды екен.

Биыл наурыз айында Өзбекстан парламенті "Үйлену тойы, еске алу, мерей той шараларын өткізуді реттеу жөніндегі" заң жобасын әзірлеген. Бірақ бұл заң жобасы ел президенті тарапынан сынға алынып, кері қайтарылған.

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов еліндегі жемқорлықты жою мақсатында аста-төк той өткізуге тыйым салған.

Содан бері шенеуніктер тарапынан той өткізуді реттеу науқанға айналып келеді.

XS
SM
MD
LG