Ссылки доступа

Айтматовтың "Ақ кеме" повесінің желісі бойынша фильм түсіріліп жатыр


Шыңғыс Айтматов.
Шыңғыс Айтматов.

Қырғызстанда Шыңғыс Айтматовтың "Ақ кеме" повесінің желісі бойынша, "Шамбала" фильмінің түсірілімі басталды.

Картина режиссері - Артықбай Сүйіндіков. Ол фильмнің сценариі бірнеше жыл жазылғанын, шығарма авторы көзі тірі кезінде фильм түсіруге рұқсатын бергенін айтады.

«Шамбала» фильмі Кемин, Балықшы және Нарын облысында түсіріледі. Картина экранға 2019 жылы шығады.

«Шамбала» - «Ақ кеме» повесінің желісі бойынша түсірілетін екінші фильм. Бірінші картинаны 1976 жылы режиссер Болот Шамшиев түсірген.

XS
SM
MD
LG